Архив жаңалықтары, Пресс-центр, Фотогалерея
Мектеп оқушылары Архив жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2019 жылдың 11 қарашасында Медеу ауданыны «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында ең үздік эссе байқауы бастау алды. Байқаудың мақсаты патриотизмге тәрбиелеу аясында шығармашылық жұмыстар дайындауға неғұрлым көп оқушыларды қатыстыру. Оған орта мектептердің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Осыған орай, 2019 жылдың 21 қарашасында оқушылар ҚР Президентінің Архиві бойынша экскурсияға қатысып, архивтің жұмысымен, сақталатын құжаттар мен кітаптар қорымен танысып, ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Қ. Әлімғазиновтың дәрісін тыңдады.