Архив жаңалықтары, Баспасөз орталығы, Фотогалерея
Архивтің халықаралық байланыстары
Бүгін 27 қазан күні Оңтүстік Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында Корея Республикасының Ұлттық Архиві мен Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Аталған құжатқа қол қоюдың мақсаты өзара тәжірибе, мағлұмат және екі жақ архивтеріне, архивтерді басқару, архив өміріндегі негізгі оқиғаларға қатысты ақпараттармен алмасу, архивтердің басқару персоналы үшін семинарлар мен профессионалдық оқу сабақтарын ұйымдастыру болып табылады. Меморандумға Корея Республикасы Ұлттық Архивінің президенті Ли Санг Джин мен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Жапаров Борис Әлікенұлы қол қойды. Салтанатты қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бәкішев Дулат Хангерейұлы қатысты